Аягөз аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотында «Пробация қызметінің материалдарды рәсімдеуі және сотқа ұсыну мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған Аягоз аудандық сотының судьясы Қ.П.Халелова  және Аягоз ауданының пробация қызметінің қызметкерлері, прокурордың көмекшісі З.Шаймухаметова қатысты.

Қ.П.Халелова өз сөзінде пробация қызметкерлеріне материалдарды жинауда сапасы мен толықтығына аса назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар, ҚР ҚК, ҚІЖК және ҚАК талаптарын сақтауды нұсқады.

Аудан прокурорының көмекшісі З.Шаймухаметова материалды жинауда сотталушы туралы, оның өмір  сүру жағдайы, отбасы-тұрмыстық   және т.б. толық ақпараттың қамтылуын ескертті.

Іс-шара аталған бағыттағы маңызды мәселелерді талқылаумен аяқталды.

 

Аягоз аудандық сотының

баспасөз қызметі