Аудандық соттың 2017 жылғы 1 жартыжылдығының жұмысы қорытындылары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық сотында  2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы аудандық сот жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысына аудандық «Уақыт тынысы» газетінің өкілі қатысты.  

Сот төрағасы Д.С.Серикбай  көрсетілген мерзім аралығында атқарылған жұмысты қорытындылай келе, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сотпен 62 тұлғаға қатысты 54 қылмыстық іс, оның ішінде  үкім шығаруымен 26  тұлғаға қатысты 23 іс қаралғанын, оның ішінде 4 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі шығарылған.  Бұдан басқа 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс келісімдік өндірісте аяқталғанын, 436  азаматтық іс аяқталып, 174  шешім шығарумен қаралғанын, 383 тұлғаға қатысты 383 әкімшілік іс аяқталғаны туралы статистикалық деректер келтірді.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолданумен 18 қылмыстық, 37  азаматтық және 24  әкімшілік іс аяқталды. «Сот кабинеті» сервисі арқылы 440 талап арыз, 436  әкімшілік іс, 55  әр түрлі арыздар түсті.

Үржар аудандық «Уақыт тынысы – Пульс времени» газетінде «Адам және заман» тақырыбымен сот қызметкерлерінің  мақалаларын  жариялау үшін ай сайын  газет жолағы  жарияланып турады.  Сот жүйесінің жаңалықтары туралы ақпарат бұрынғыдай  соттың ресми сайтынан алуға болады.  Аудан тұрғындарымен жекелеген санаттар бойынша  дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін  реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны  іске асыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі