Аудандық соттың 2017 жылдың ақпан айындағы жұмыстары қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық сотында 2017 жылдың қаңтар айындағы аудандық сот жұмыстарын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Д.С.Серикбай  көрсетілген мерзім аралығында жасалған жұмыстарды қорытындылай келе, 2017 жылдың қаңтар айында сотпен 9 тұлғаға қатысты 9 қылмыстық іс, оның ішінде  үкім шығаруымен 6  тұлғаға қатысты 6 іс қаралғанын, 84  азаматтық іс аяқталып, 45  шешім шығарумен қаралғанын, 107 тұлғаға қатысты 107  әкімшілік іс аяқталғаны туралы статистикалық деректер келтірді.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолданумен 2 қылмыстық, 11  азаматтық және 8  әкімшілік іс аяқталды. «Сот кабинеті» сервисі арқылы 117 талап арыз, 114  әкімшілік іс, 15  әр түрлі арыздар түсті.

Үржар аудандық «Уақыт тынысы – Пульс времени» газетінде «Адам және заман» тақырыбымен сот қызметкерлерінің  мақалаларын  жариялаланатын газет жолағы  шығарылып тұрады.  Сот жүйесінің жаңалықтары туралы ақпарат бұрынғыдай  соттың ресми сайтынан алуға болады.  Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс, медиация институтын енгізуді кеңейту және жаңа технологияларды қолдану болашақта да өз жалғасын табатын болады.

 

 Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі