Алкоголдік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша А.А.Оспановқа қатысты  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң  күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қарады.

Сотта,  А.А.Оспанов  алкоголдік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды.  Сот қаулысымен А.А.Оспанов   Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жаза тағайындалды.    

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі