Алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаға сатқандығы үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының, 1-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта,  дүкеннің сатушысы бола тұра Манкешова А.К.  21 жасқа толмаған тұлғаға  бір шөлмек сыра сатып, ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылық жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен А.К.Манкешова Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 21 210 теңге айыппұл салынған.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі