Ақжар ауылдық округінің әкімшілігінде «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.К.Ахмеджанов, Ақжар ауылдық округінің  әкімшілігінде «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге  Ақжар ауылына қарасты кәсіби медиатор Т.Омар, кәсіби емес медиаторлар Т.Халықов, Т.Дуйсенов, А.Ахметжанова және мекеме басшылары қатысты.

Шара барысында  сот төрағасы  азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті түрде медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында  2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы  Сот төрағасымен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы  Ережесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен  әзірленгенін айта   келе, азаматтық істер бойынша тараптардың арасындағы дауларды неке бұзу, мүлікті бөлу, қарыз ақша өндіру,  еңбек ақы өндіру туралы, баланың тұрғылықты орнын белгілеу сияқты даулар санаттары бойынша міндетті түрде рәсімдері жүргізілетінін түсіндірді.

Шараға қатысушылармен жекелеген істердің санаттары бойынша медиация рәсімін өткізудің өзекті мәселелері талқыланды.  

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының 

баспасөз қызметі