«2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы» бойынша баспасөз мәслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлымен 2017 жылдың жартыжылдығының  қорытындысы бойынша  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы Көкпекті аудандық сотының жартыжылдық қортындысы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, статистикалық мәліметтерді айтып өтті: 6 ай ішінде 19  тұлғаға қатысты 17 қылмыстық іс қаралғаның, оның ішінде 10 тұлғаға қатысты 9 үкім шығарылғанын, 2016 жылдың аталған кезеңінде 24 тұлғаға қатысты 20 қылмыстық іс  қаралып, 15 тұлғаға 11 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылғаның, ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері сотпен шығарылмағанын;  186 азаматтық іс қаралғанын, оның ішінде 95 шешім шығарумен, 53сот бұйрығы болып табылатындығын, 38 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралғанын, 2016 жылы қаралған істің саны 150 болғаның; 162 тұлғаға қатысты 162  әкімшілік іс қаралғанын, ал  2016 жылы157 әкімшілік іс қаралғаның айтты.  

Аталған мерзімде Көкпекті аудандық сотымен 51 іс медиация тәртібімен қысқартылған, оның ішінде 7 қылмыстық іс, 30 азаматтық іс, 14 әкімшілік іс, ол жалпы сотпен қаралған 365 істін 14 %  құрайды. Көкпекті аумағына қарайтын барлық ауылдық округтарында сот төрағасымен ауылдың белсенділерінің, тұрғындарының қатысуымен медиация Заңын насихаттау бойынша дөңгелек үстел, халықпен кездесу іс – шаралары өткізілуде.

Бүгінгі күннің талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 194 арыздың 194 арызы аталған сервис арқылы түскен, ол 100%  құрайды.  Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде. Сот төрағасы барлық сот отырыстары дыбыс-бейне жазбасын қолданылуымен өтетінін, жеке және заңды тұлғалар арасында сот жүйесіне қатысты сұрақтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетінін, ол үшін сот кеңсесінде анкетаға арналған жәшік орнатылғанын атап өтті.

Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты негізде жұмыс жасалатынын  атап өтіп, 2017жылдың 6 айында аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 34 мақала,8 хабарландыру, облыстық соттың сайтында 68, аудан әкімінің сайтында 56 пресс-релиз жарияланғанын, семинар сабақтары, лекция және дөңгелек үстел сияқты шаралар сотта, мекемелерде үнемі өткізілетіндігі туралы айтылды. Судьялар мен сот  мамандарына қатысты бұқарлық ақпарат құралдарында қандайда бір келеңсіз жарияланымдар орын алмағанын көрсетті.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі