2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді. Іс шараға сот қызметкерлері, БАҚ  және мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

2017 жылдың  жартыжылдығының жұмысын қорытындылай келе сот төрағасы Секербеков Б.Т. қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жетістіктерінің көрсеткіштерін атап өтті. Сонымен қатар сотта іс жүргізуге  қазіргі заманғы  информациондық технологияларды  енгізуі  талап арыздарды және өзге де өтініштерді электронды түрде қабылдауға мүмкіндік бергені жайлы атап өтті.  2017 жылдың 1 ақпанынан  азаматтық істердің санаттары бойынша міндетті түрде дауларды сотқа дейінгі шешу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға кіріскені туралы айтты.

Шара барысында сот мәртебесін көтеру бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілетіндігі, әрбір айдың соңғы жұмасында ашық  есік шарасы өткізілетіндігі, тұрғындарға сот қызметкерлерінен заңды көмек алуға, сотта өткізілетін семинарларға, брифингтарға, дөңгелек үстелдерге қатысуға мүмкіндіктері бар екендігін де айтылды.

 

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі