«Төрелік» арқылы іс жүргізу туралы семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотының мамандарының қатысуымен  «Төрелік АЖ бойынша іс жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі м.а.  З.К. Жунусова сот қызметкерлеріне электронды түрде түсетін кіріс құжаттарды тіркеу бойынша нұсқаулықтың талаптарымен  таныстырып, «Төрелік» бағдарламасы бойынша электрондық  карточкаларды толтыру сондай-ақ құжатты жасау тәртібін түсіндірді.

Семинар барысында «Төрелік» бағдарламасы бойынша соттың кеңсе  қызметкерлеріне азаматтық және кылмыстық істерді тіркеу, сонымен қатар кіріс шығыс құжаттарды тіркеу кезеңдері  көрсетілді.

Семинар соңында соттың кеңсе меңгерушісі м.а. Жунусова З.К. «Төрелік» бағдарламасы  бойынша жұмыс сапасын жақсарту бағытында  міндеттер жүктеді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі