Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотында 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.К.Ахмеджанов «Тарбағатай» газетінің тілшісі Б.Баймуратованың  сұрақтарына жауап бере келе, брифингте Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделгендігіне  тоқталып, жүргізіліп жатқан сот реформаларының нақты жетістіктері ретінде соттар қызметінің ашықтығын атап, сотта 6 ай ішінде 20 қылмыстық іс, 153 азаматтық іс, 182 әкімшілік іс қаралғанын, аталған мерзімде 65 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылып, оның ішінде 5 қылмыстық іс, 42 азаматтық іс, 18 әкімшілік іс қыстартылғанын айта  келе, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 161 арыз аталған сервис арқылы түскен, ол 100% құрайды. Барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде.     

Сонымен  бірге  бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты түрде жұмыс жасалады, атап айтқанда 2017 жылдың 6 айында республикалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 52 мақала, 10 брифинг, облыстық соттың сайтында 65  баспасөз-мәліметі жарияланған. Жалпы  алты ай  бойынша 127 іс  шара  ұйымдастырылған. Сотта тұрақты  түрде  жедел  кеңестер,  семинар  сабақтары, дөңгелек  үстелдер және  ашық  есік  күндері  өткізіліп  тұрады.

С.К.Ахмеджанов сөз соңында алдағы  уақытта сот төрелігінің сапасын арттыруға, еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігінің кепілдігін нығайтуға Елбасының қойған тапсырмаларын орындау үшін барлық шаралар қолданылатындығын айтты.

 

Тарбағатай  ауданының  № 2

аудандық сотының баспасөз қызметі