Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында сот мамандары үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат. БҰҰ-ның ратификацияланған Конвенциясы шеңберіндегі Қазақстан» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Жұмыс барысында сот төрағасы Б.К. Тайтолеуов өз сөзінде,  Қазақстанның халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретіндегі тиімді сыртқы саяси қызметі біздің еліміздің халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, оның ішінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына, осы саладағы басқа да құжаттарға қосылуы соның нәтижесі болып табылатындығын сөз етті.

Семинар соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибенің артықшылықтары талқыланып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі