«Сотты құрметтемеушілік кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотының қызметкерлеріне «Сотты құрметтемеушілік кезіндегі  жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аудандық сот төрағасы С.Д.Байбосынова семинар сабағын аша отырып, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот алдында барлығы тең деген конституциялық қағиданы ұстау мақсатында сотты құрметтемеушілік жауапкершілік шарасы қолданылатынын атап өтті.

Сотқа құрметтемеу көрсеткен жағдайда кінәлі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Семинар барысында құқықбұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінің мәселелік сұрақтары талқыланды.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі