Сотталушыларды айдауылмен жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырлған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов «сотталушыларды айдауылмен жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары» жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысқандар: сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов,  судья Л.А.Побияха, кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова, ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлім басшысының орынбасары В.В.Вольнец, ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Т.Т.Икманов, ШҚО бойынша ҚАЖД мекеме бастығының орынбасары Б.Р.Калымов, ШҚО ІІД айдауыл қызметінің полиция қызметкері Д.Г.Шыңғысов.

Дөңгелек үстел сот төрағасы Б.Ә.Кәсеновтің басшылығымен өтті.

Кеңесте айдауылмен жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары және сотталушыларды сот процесіне уақытында жеткізу мәселелері талқыланды.

Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов сотта қоғамдық резонанс тудыратын аса ауыр қылмыстық істер қаралатынын атап өтті. Сотталушылар аса қауіпті қылмыскерлер болғандықтан, сотқа қатысушы тараптарға қауіп төндіруі мүмкін. Жекелеп алғанда, сот үкімін жариялау кезінде айдауыл қызметкерлерінің санын ұлғайтып, аса мұқияттылықты таныту қажет. Сонымен қатар, қылмыстық істердің уақытында қаралуы үшін, сотталушыларды тағайындалған уақытқа сот мәжілісіне жеткізілуі тиіс.

Дөңгелек үстел барысында судья Л.А.Побияха жұмысты жақсы атқарғаны үшін айдауыл қызметкерлеріне  алғысын білдіріп, баяндама жасады.

Дөңгелек үстел соңында туындаған мәселелер мен оларды шешу тәсілдері талқыланып, қорытындысы бойынша қатысушылар тиісті ұсынымдар шығарды.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі