Сотпен процестік шығындар өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық процестік кодексінің (ары қарай -ҚПК) 55-бабына сәйкес тергеу судьясы прокурордың ұсынысы бойынша процессуалдық шығындарды өндіру туралы сұрақты қарауға құзырлы. ҚПК-тің 177-бабының 8 тармағында процессуалдық шығындар, қылмыстық іс жүргізу шеңберіндегі сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан тұрады деп көрсетілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, сот процестік шығындарды өндіруге құқылы.

Мысалға, О.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу барысында сот-медициналық сараптамасы жүргізілген. Мемлекеттің сараптамаға жұмсаған шығын құны 9 204 теңгені құраған. Аталаған қылмыстық іс бойынша өндіріс күдіктінің жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылған. Алайда сараптамаға жұмсалған мемлекет шығындары күдіктімен өндірілмеген.

Сондықтан 14.06.2017 жылы прокурордың ұсынысы бойынша тергеу судьясы О.-дан 9204 теңге сомасында сараптамаға жұмсалған процестік  шығындарды мемлекет пайдасына өндірді.

 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі