Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық соты азамат Ю.-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ю. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша азамат Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.  

Сот қаулысымен азамат Ю. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен («Жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқаруы») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру  жазасы тағайындалды.                                           

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі