ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы облыстық этнографиялық мұражайында «Абай - би, татуластырушы және дала заңдарының реформаторы» атты дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотының төрағасы Р.М.Ақпар Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы  бекіткен «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстелдің қарарын жүзеге асыру мақсатында «Абай би, татуластырушы және дала заңдарының реформаторы» атты дөңгелек үстел өткізді. Осы аталған шараға мұражайдың  ғылыми қызметкерлері, Абай және Пушкин атындағы кітапханалардың, оқу басқармасының, Достық  үйінің өкілдері, медиаторлар қатысты.

Модератор Р.М. Ақпар өз сөзінде Елбасы  Н.Назарбаев  Абай Қунанбаевқа қатысты  айтылған  сөзінде «Абайдың жолын, істеген ісін біз халқымызға паш етуіміз керек» деген. Татуластыру мен келісімге келу Қазақстанда ежелден қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Екі жақты татуластыру – кез келген даудың түйінін шешетін тәсіл. Бұндай жағдай, әсіресе, билердің екі жақтың дау-дамайын шешуде, екі жақты татуластыруда кеңінен қолданылған. Қазіргі таңда, Қазақстанда екі жақты татуластыруға арналған медиация рәсімі қарастырылғаның атап өтті.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде Абайдың 15 жасынан бастап билердің сотында жиі қатысқаны, ал 20 жасында даланың әдет-ғұрыптарын жақсы меңгергені, сөзге шешен болғандығы да баяндалды.

Абай-би ретінде беделіне – әр түрлі уездардың дауларында бірнеше рет татуластырушы  Төбе-би болып тағайындалғаны  дәлел бола алады. 1875 жылы Қоңыр-Көкше-Тобықты руларының (болысы) болып тағайындалады. 1885 жылдың мамыр айында Қарамола жерінде төтенше съезде Абай 74 параграфтан тұратын жаңа заңнама шығаруға қатысады. Бұл заң қазақ халқының арасындағы қылмысты қысқартуға арналған болатын. Осы заң жинағы –  халық арасына тұңғыш рет қазақ тілінде, типографиялық жолмен тараған құқықтық құжат болып табылады. Бұл құжат Дала заңдары мен әдет-ғұрыптарының жиыны болып Семей облысының уезінде жүзден астам би қатысып қабылданған болатын.

Баяндамашылар  Абайдың би, татуластырушы және дала заңдарының реформаторы  болғаның атап өтті, сонымен қатар қазырғы заманда медиацияны азаматтық, еңбек, отбасылық дауларда, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын басқа да құқықтық қатынастарда   қолдануда, қылмыстық сот өндірісі барысында өткізілетін медиация рәсімінің шарттары мен ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды.

А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері «Электронды кітапхананың» мүмкіндіктерін көрсетті. Дөңгелек үстел қортындысы бойынша Меморандумға қол қойылды.        

«Дөңгелек үстел» қызықты форматта және жанжақты бетпе-бет түрінде өтті.

 

Шығыс Қазақстан облысының №2

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі