Семей қалалық №2 сотында 2017 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық №2 сотының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты үйлестіруші, судья И.Е.Алькенов 2017 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Баспасөз маслихатқа ТВК-6 телеарнасының тілшісі мен «Вести Семей» газетінің тілшісі қатысты.

Баспасөз маслихатын ұйымдастырудың басты мақсаты сот қызметтерінің насихатталуы, қоғамға атқарылған жұмыстардың қорытындысын жеткізу болып табылады.

Баспасөз маслихаттың барысында судья И.Е.Алькенов 2017 жылдың 6 айында сотпен қаралған қылмыстық істердің, амнистия қолданумен қаралған істер мен медиация тәртібінде қаралған істердің статистикалық мәліметтерін жариялап, істерді медиациялық тәртіппен қараудың және сот кабинетінің артықшылықтарын хабардар етті.

Баспасөз маслихатының соңында судья бұқаралық ақпарат құралдарына ризашылығын білдіріп, тілшілердің сұрақтарына толықтай жауап берді.

 

Семей қаласы № 2

сотының баспасөз қызметі