Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г.Ж. Оспанова  2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша Риддер қаласының бұқаралық ақпарат өкілдерімен брифинг өткізді.

 2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы статистикалық деректер бойынша сот 807 тұлғаға қатысты, 807 іс қаралды. 648 іс әкімшілік жаза туралы қаулы шығарылды, оның ішінде 60 ескертулер, 317 – айыппұл, 169- әкімшілік қамау, 99- арнайы құқықтан айыру туралы, 3- шетелдікті шығарып жіберу. Қаралған істер бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы 159 қаулы шығарылды. Медиатор қатысуымен әкімшілік жауапкершіліктен босату, яғни татуласу бойынша – 130 іс. Сонымен қатар, ӘҚбтК 44, 45 тараулары бойынша түскен 20 шағымның 8-і сотпен қаралды. Істердің қаралу сапасы бұрыңғы деңгейде қалды.

Әсер ету шарасы ретінде, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер Департаментіне және Риддер қаласының ішкі істер бөліміне 21 жеке қаулы шығарылды.

Брифинг соңында БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берілді.

 

Риддер қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының

баспасөз қызметі