Риддер қалалық сотында қызметкерлер арасында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында «Сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға сот қызметкерлері қатысты.

Бас маман О. Козлова   өзінің сөзінде, сот тәртібімен қарауға жататын арыздарды, талап арыздарды, сот істер мен материалдарды кіріс хат-хабарларды есепке алу құжаттарында, журналдың түріне сәйкес кіріс номерімен тиісті электронды тіркеу журналында тіркеліп автоматты түрде бөлінетіндігіне тоқталды.

Сондай-ақ, соттың бас маманы, сот актілерінің күші жойылғаннан кейін, сырттай шешімінің, бұйрықтың күші жойылған кезде жаңадан қарауға қайтарылған сот істері мен материалдар және сотталушы іздестірілгеннен кейін, сот қаулылары бойынша қосымша тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін алдын ала тергеу органдарынан түскен қылмыстық істер, бөлініп шығарылған істер мен жаңадан анықталған мән-жайлар жөніндегі арыздар бойынша, соттылығы бойынша түскен және есепке алу құжаттарында жаңадан түсетін істермен қатар тіркеліп, оларға жаңа реттік нөмір берілетіндігін атап көрсетті.

Семинар соңында бас маман О. Козлова қылмыстық және азаматтык істер туралы істердің материалдар бойынша сот актілерінің көшірмелерін сот актісін шығарған судья өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданып, есепке алу құжатына электрондық түрде уақтылы салатындығын айтты.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі