Риддер қалалық сотында «Іс-қағаздарды жүргізу» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында кеңсе мамандарының қатысуымен «Іс – қағаздарды жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында сот кеңсесінің жетекші маманы А. Алимов «Хат-хабарларды қабылдау, өндеу, тіркеу және шығыс хат-хабарларды және құжаттарды рәсімдеу. Шығыс хат-хабарларды және құжаттарды жіберу тәртібі» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар кеңсе қызметкерлерінің  құжатты қабылдау, өндіру, тіркеу және құжаттарды бөліп тарату, шығыс құжаттарды дайындау, құжаттарды жіберу тәртібі туралы нұсқаулықты үйрену мақсатында өткізілді.

Сот мәжілісінің хатшылары А. Тыныбаева және М. Оскарова сот істерін  қарауға дейін рәсімдеу және адамдардың сотқа  келуін қамтамасыз  ету, және азаматтық, қылмыстық,  істер бойынша сот актілерін орындауға жолдау тәртібінің негізгі сұрақтарына тоқталып кетті.

Кеңсе меңгерушісі м.а. З.К. Жунусова Іс – қағаздарды жүргізу ережелерінің талаптарын қатаң сақталуы қажеттігін айтып өтті.

Семинар сабағының соңында мамандар тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарын талқыланды.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі