Рақымшылық заңы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен  қарастырылған алаяқтық  бойынша  М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.                                                

Сотпен анықталғандай  «М».  2015 жылдың сәуір айында Зайсан қаласында алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін сеніміне кіру арқылы алдап, жымқырып, өзінің жеке бас пайдасына асырып,  жүйелі түрде қылмыстық жолмен пайда түсіріп отыруды жоспарлаған. Осы қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында М.  Зайсан қаласында өзімен танысқан адамдарға аудандық әкімшілікте қызмет атқаратынын айтып сендіріп, Зайсан қаласы Боқажанов көшесінің бойында жаңадан салынып пайдалануға берілмеген көп пәтерлі үйдің пәтерлері үшін бастапқы жарнасын төлеген адамдарға пәтердің құжаттарын рәсімдеп беремін деп сендіріп, жалған ақпарат таратып, өзінің қылмыстық арбауына алданған адамдардың мүлкін иеленіп отыруды жоспарлаған.

Сөйтіп өзінің  алдын-ала жоспарлаған қылмыстық әрекетін іске асыру мақсатында Зайсан қаласының тұрғыны А-ға Зайсан қаласы Боқажанов көшесінің бойында орналасқан көп пәтерлі үйден пәтер алып беруге,  сондай-ақ құжаттарын толықтай рәсімдеп беруге сендіріп, алдап, 70 000 теңге ақшасын, Зайсан қаласының тұрғындары:Т-дан 400 000 теңге, А-дан  200 000 теңге алып, бас пайдасына асырып, оларға материалдық залал келтірген.

Зайсан аудандық сотының үкімімен  М-ға  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ Заңының 2-бабының,  3-тармағына сай,  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының, 2-бөлігінің, 2-тармағымен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан бір жыл мерзімге айыра отырып, 2 (екі) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді, ҚК-нің 78-бабының, 1-бөлігіне сай, негізгі жазадан босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі