Процессуалдық норманы сақтамағаны үшін жеке қаулы шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында А-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі ҚК-ң) 108 бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Жеке айыптаушы И. сотталушы А. өзін басынан және көзінің тұсынан ұрғып, денсаулығына қасақана жеңіл түрдегі зиян келтіргені үшін айыптаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13    «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысына сәйкес, жәбірленушінің шағымы жеке айыптау қылмыстық ісін қозғайтын, тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы процессуалдық құжат болып табылады.

Сот отырысында А-ның үстінен ҚК-ң 108 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қылмыстық ісінде, процессуалдық құжат болып табылатын жәбірленушінің арызының соңында арызды кімнің қабылдағаны туралы, жауапты тұлғаның тегі оның қолы және арызды қай күні қабылдағаны туралы деректер  көрсетілмегені анықталды.

Сот, ҚПК-ң 405 бабының талаптарын басшылыққа ала отырып,ауданда жеке айыптау істері бойынша қылмыстық істердің жиілеп кетуіне жәнеболашақта қылмыстың алдын алу үшін жергілікті полицияның біліктіліктерін арттырудың қажеттігі,  учаскелік инспекторлардың аудан тұрғындарымен профилактикалық жұмысының пәрменсіздігін атап көрсетіп, аталған жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде Тарбағатай аудандық жергілікті полициясының бастығы Б. назарына жеткізу туралы жеке қаулы шығарды. 

 

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі