Пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға   кәсіпқой емес медиаторлар мен мемлекеттік органдардың  өкілдері қатысты.

Кездесу барысында төраға Е.Т.Шымыров пилоттық жобаның  мақсаты мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, аталған жоба 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін жүзеге асырылатынын,  нәтижесі бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуге жататын істер санаттарын айқындап, ұсыныстар енгізілетінін жеткізді.

Сонымен қатар, төраға  пилоттық жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері болып татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделігін анықтау болып табылатынын айтты.

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде    шараға қатысушылар  пилоттық жобаны толық қолдап, өткізілген шараның маңыздылығын атап өтті.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі