Өскемен қалалық сотымен партисипативтік рәсім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотымен қарызды өндіру туралы азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібіндегі келісіммен бекітілді.

Жауапкер Банктік заем шарт бойынша берешекті төлеуден бас тартқан. Соның салдарынан талапкер сотқа жауапкерден 4 500 000 тенге көлемінде берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Сот талқылауы барысында тараптар партисипативтік рәсім тәртібінде дауды шешу туралы келісім бекітіп, жауапкер екі жақпен келісілген мерзімде банктік заем шарты бойынша берешекті және талапкердің шығындарын төлеуге міндеттелген. Талапкер келісім шарттарымен келісіп, талап арызынан бас тартты.

Сот тараптармен келісілген партисипативтік рәсім тәртібіндегі келісімді  бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.

 

ШҚО Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі