Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында сот судьялары мен мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы» тақырыбындағы семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараның модераторы ретінде сот төрағасы Б.К. Тайтолеуов  сөз сөйлеп, мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық екендігін айта кетті.

Іс-шара соңында сот төрағасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңында мүдделер қақтығысы кезінде мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеттерінің тәртібі көрсетілген деп атап өтті.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі