«Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік стилі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік қызметшілердің  моральдық-адамгершілік бейнесін және іскерлік қасиеттерін көтеру мақсатында Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Л.Құнанбаева сот қызметкеріне «Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік стилі» тақырыбына семинар сабақ өткізді.

Кеңсе меңгерушісі Л.Құнанбаева өз сөзінде мемлекеттік қызметшілер іскерлік әдепті қатаң сақтауы, ресми мінез-құлық ережесін ұстануы тиіс деп атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер - қоғам және мемлекет тарапынан ерекше сенімге ие болып табылатыны, әрбір мемлекеттік қызметші өзінің Отанына мүлтіксіз және адал қызмет етуге міндетті екені айтылды.

Семинар соңында сот мамандарына өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын қатаң  сақтауды ұстануды алға қойды.

 

 

Көкпекті ауданының  № 2

аудандық сотының

баспасөз қызметі