«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»  тақырыбында семинар өткізілді.                                          

Семинар  басында бас маман Ж.Ермекова мемлекеттік қызмет атқару –қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятынын айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде, өзінің іс-әрекетімен мемлекет билігінің беделін нығайтуға, мемлекет мүдделерін қорғауға; Қазақстанның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамассыз етуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекеттер болдырмауға, қызметтік міндеттерін атқару кезінде киімнің іскерлік қалпын ұстануға міндетті екенін атап өтті.   

Іс-шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын білдірді.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі