Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық  сотымен ҚК 188-бабының 1-бөлігімен  (ұрлық)  М.-ты айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, М. А.-ның пәтерінде бола тұра, соңғысына  тиесілі«iPhone7» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап алған. М. өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге 450000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Сот қаулысымен М.-ға катысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі