Медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық  кодексінің 73 бабы 1 бөлігімен құқық бұзушылықтар жасаған В. және Д. есімді азаматтарға қатысты 2 әкімшілік іс қаралды.  

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға сәйкес, құқық бұзушылар алкоголь ішімдік ішкен масаң күйлерінде өз тұрғын жайларында ұрыс-жанжал ашып, жұбайларына былапыт сөйлеген.

Осы іс-әрекет үшін заңмен ескерту немесе 3 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.

Медиатор Н.Жадрановамен жүргізілген түсіндірме жұмыстардан кейін жұбайлар татуласып, сотқа жазбаша түрде келісімдерін ұсынды, қорытындысында аталған  істер  ӘҚБтК-тің 64  бабына сәйкес  қысқартылды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының

№ 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі