Медиация рәсімі өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 191 бабы 1 бөлігімен А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру).

Сотта анықталғандай, А. кафенің қасында алкогольді ішімдікті ішіп отырған К. көреді.

А. соның жаңына келіп, К.-дан оған алкоголь құйып беруді сұрап тұрған кезде, К. өзінің шалбарының қалтасына ұялы телефоның салғаның көрді. Сол уақытта, А. ашық түрде К.-ның қалтасынан ұялы телефонды жымқырды. Соның салдарынан, жәбірленушіге 75 500 теңгеге материалдық залал келтірді.

Сотта іс жүргізу барысында жәбірленуші мен сотталушы тарапынан медиациялық келісімге келгендіктері және кылмыстық істі тоқтату жөнінде өтініш түсті.Келтірген шығынды толығымен қайтарды.

Соттың қаулысымен жәбірленуші мен сотталушы тарапынан татуласуына байланысты және медиация реттеу тәртібімен шешілгендіктен О.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі