Медиация кабинетінде тренинг-семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотының мамандары кәсіби медиатор Д.Тоқтаровтың қатысуымен «Медиация – татуласудың жолы» тақырыбында тренинг-семиран өткізілді. Іс-шара «Бородулиха ауданының Әкімінің аппараты» ММ-нің медиация кабинетінде өтті.

Тренинг-семинардың өткізу мақсаты – медиация  тәртібімен таныстыру.

Тренинг-семинардың өту барысында сот мамандары кәсіби медиатор Д.Тоқтаров қатысуымен жүргізген  рөлдік ойынға қатысқан, осы ойында дау бойынша медиация рәсімі көрсетілді.

Семинар-тренингтің қатысушылары көрсетілген медиация рәсімін талқылауға қатысты,  өзінің жіберген қатесін тауып, іс жүзіндегі медиация рәсімін өткізу барысында пайда болатын  сұрақтар, бірқатар ұсыныстар жасады, медиацияны жүргізудің қабілетін жетілдіру мақсатында  ұсыныстар алды.

Іс-шараның соңында  қатысушылар семинар–тренингті өткізу қабілеттерді  арттырудың  жақсы әдісі  екендігін атап өтті.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі