Күршім аудандық сотының төрағасы 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған сот жұмыстары жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров БАҚ өкілдерінің қатысуымен Күршім аудандық сотының 2017 жылғы 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары жөнінде  баспасөз мәслихатын өткізді.

Шара барысында сот төрағасы аталған мерзім аралығында атқарылған сот қызметі жөнінде баяндады, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша статистикалық көрсеткіштерді атап өтті, сонымен қатар, сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтырамен де  бөлісті.

Күршім аудандық сотында 2017 жылдың  1 жартыжылдығында  37 қылмыстық іс, 141 азаматтық іс, 249 әкімшілік істер қаралған. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 19 қылмыстық іс, 92 азаматтық іс, 226 әкімшілік істер қаралған.

Баса назар аударатын мән-жай ол тараптарды татуластыру. Осыған орай қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істер бойынша 15 іс, азаматтық істер бойынша 21 іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 26 іс медиация тәртібімен аяқталған. 42 225 теңге мемлекеттік баж талапкерге қайтарылған.

 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот қарауына түскен талап арыздардың   100 %  «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы түсіп, бұл халық арасында электронды жүйені қолдану көрсеткішінің жоғарлағанын көрсетті.

Шара соңында сот төрағасы Е.Шымыров тілшілердің қойған сауалдарына жауаптар берді.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі