Кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі және темекі бұйымдарын сату

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 133- бабының 1-бөлігімен азаматша Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сай азаматша Г., «О» дүкенінің сатушысы бола тұра, жасы он сегізге толмаған  Ш-ке бір қорап темекіні сатқан.

Сот отырысында  құқық бұзушы Г. кәмелетке толмаған адамға темекі сатқанын  толық мойындап, істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтты.

Сот қаулысымен  құқық бұзушы Г. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 133-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған  20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде, яғни  45 380  теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі