Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдікті заңсыз алғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚК-нің 339-бабымен,өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн заңсыз алғаны үшін сотқа берілген О.-ға қатысты қылмыстық ісқаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай О. Көкпекті ауданының «Умыш» учаскесінен арнайы рұқсат құжатсыз, алтай рауағаштың сабақтарын қайнатпа жасау үшін жұлып жинаған. Алтай рауағашы (Ревень алтайский; Rheum altaicum Losinsk» Қызыл кітапқа еңгізілген жабық тұқымдыларға жатады, таралу аймағы қысқарып келе жатқан өсімдік түрі, жоғары дәруменді көкөніс болғандықтан сабақтары, жапырақ сабақшалары жұлынып жинлып жатқандықтан таралу саны күрт төмендеген. Сот мәжілісінде О. өз кінәсін толық мойындап, рауағашты азық үшін жинағынын көрсетті.

Сот үкімімен О. кінәлі танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Көкпекті ауданының №2

аудандық сотының баспасөз қызметі