Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 сотында «Талапты қамтамасыз ету шаралары және олардың күшін жою» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға соттың судьялары қатысты.

Семинарда сөз алған судья Г.Кудербаева Қазақстан Республикасы  Азаматтық процестік Кодекстің 15 тарауымен іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе сот шешімін шығаруға мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алатындығы реттелген. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға қатысты олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты, салық тексерулерін жүргізу үшін негіз болып табылатын мемлекеттік кіріс органдарының дауланып отырған құқықтық актісінің қолданылуын тоқтата тұру түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауға жол берілмейтіні туралы айтты.

Сондай-ақ семинарда істерді қарау барысында орын алып отырған талап қою шараларының күшін жоюға қатысты сұрақтар да талқыланды.

Семинар соңында сотың төрағасы А.М.Әли  талапты қамтамасыз ету шараларын қабылдау және олардың күшін жоюды қарау кезінде мұқият болуды тапсырды.

Катонқарағай ауданының № 2

аудандық сотының

баспасөз қызметі