Катонқарағай аудандық сотында «Медиация тәртібінде даулардың жекелеген санаттары үшін дауларды (жанжалды) міндетті медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» турасында семинар тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында «Медиация тәртібінде даулардың жекелеген санаттары үшін дауларды (жанжалды) міндетті медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» турасында семинар тренинг өткізілді.

Тренингке судьялар, кәсіби емес медиаторлар, нотариустар және Нұр Отан партиясының  өкілдері қатысты.

Судья лауазымына үміткер тағылымдамадан өтуші Т.А. Сивицкая  «Жоба татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын арттыруға бағытталған» - тың бастама  деп атап өтті.

Медиация рәсімін қолдану қажет болатын даулар (жанжалдар) санатына тоқталып, оның қоғамдағы шиеленістің төмендеуіне әкеліп соқтыратын тиімді жақтарын көрсетті.

Шара соңында семинарға қатысушылар пилоттық жобаны қолдап, оның жүзеге асырылуына дайындықтарын білдірді.

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі