Қала әкімдігінде ашылған медиация кабинетінде дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан қаласы әкімдігінде ашылған медиация кабинетінде «Істі бітімгершілікпен аяқтаудың ұтымды жақтары» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға Зайсан қаласының әкімі, қала әкімдігінің қызметкерлері, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы, кәсіпқой емес медиаторлар және  аудандық  «Достық» газетінің тілшілері  қатысты.

Зайсан аудандық сотының судьясы Н.З.Хасенбаев  өз сөзінде Жоғары Соттың жасаған жобасының басымдылық тұстары мен келешігі жайлы айтып, бұл жобаның медиация институтын одан әрі дамытуға жаңа серпін беретінін, татуластыру процедураларын қолдану аясын кеңейтуді, азаматтардың сот процесі шығындарын барынша азайту және халықтың дауды соттан тыс шешу мүмкіншілігін  түсіндірді.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі.