Глубокое аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

12.07.2017 жылы Глубокое аудандық сотында 03.07.2017 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын зерделеу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы С.Жансейіт қатысушыларды жоғарыда көрсетілген нормативтік актінің негізгі ережелерімен таныстырып, барлық судьяларға, жекелеп айтқанда, қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьяларға, тергеу судьяларына аталған нормативтік актіні жұмыста қолдану барысында барлық талаптарын бұлжытпай орындауды ұсынды.  

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі