«Гендерлік теңдік» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое  аудандық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуларымен «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Семинар барысында бас маман- сот отырысының хатшысы З.Тусупова өз сөзінде гендерлік саясаттың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігін белгілейтіндігін айтып, гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына теңестірілген қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойынша зорлықтан еркін болу жатқызылатындығын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, «Гендерлік саясаттың» басты бағыттары, атап айтқанда әйелдердің отбасында құқықтары мен міндеттерін тең жүзеге асыруға жағдайлар жасау мәселелері талқыланды.

Қатысушылармен дөңгелек үстелдің  тақырыбы талқыланып, сұрақтар қойып, өзара пікірлерімен бөлісті.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі