«Еңбек кодексінің нормаларын зерделеу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық соты «Еңбек кодексінің нормаларын зерделеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Семинарға прокурор және құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.

Аталған шараны өткізудің мақсаты ‒ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жеке нормаларын түсіндіру.

Сот төрағасы Р.Омаров, редакциядағы кодекс бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталғанын, сондай-ақ елдегі кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуды белсендіре түспек екенін және онда мүгедектерді, жастарды, отбасылық міндеттері бар адамдарды қоса алғанда, жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарын құруға ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар қамтылғанын баяндады.

Сонымен қатар, жұмыс берушінің бастамасымен келісімшартты бұзу негіздері ұлғайтылғанын, алайда бұл қазіргі заман талабына сай қосылып отырған негіздер екенін, бұл мән-жайлармен еңбек шартын бұзудың өз тәртіптері бар екенін атап өтті.

Іс шара соңында қатысушылар қозғалып отырған тақырып бойынша өзара пікір алмасты.

 

Күршім ауданының №2

аудандық сотының

баспасөз қызметі