Экономикалық соттың судьясы «Сот бұйрығы арқылы іс жүргізу» тақырыбында сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.С.Салимов жергілікті басылым және теледидар өкілдеріне «Сот бұйрығы арқылы іс жүргізу» тақырыбында сұхбат берді.

Судья өз баяндамасында іс-шараға қатысушылардың назарын сот бұйрығы арқылы іс жүргізудің негізгі артықшылықтарына аударды. Сот 3 жұмыс күні мерзімінде сот бұйрығын шығару туралы арызды қарайды және сот бұйрығы түріндегі процестік шешім қабылдайды. Ал жалпы талап қою арқылы іс жүргізуде істі қарау мерзімі 2 айды құрайды.

Сонымен қатар, сот бұйрығын шығару туралы арыз бойынша мемлекеттік баж бекітілген мемлекеттік баж мөршерлемесінен 50% -ы алынады

А.Салимов өз сұхбатында сот бұйрығы арқылы іс жүргізуге жататын істердің санаты заң шығарушымен кеңейтіліп, тәртібі нақты реттелгендіктен, бұл жақсы нәтижеге және азаматтардың құқықтары және ұйымдар мен мемлекеттік заңды мүдделерін уақытылы қамтамасыз етуге әкелетінін атап өтті.

Сұхбат нәтижесінде БАҚ өкілдерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді.

 

ШҚО МАЭС

баспасөз қызметі