Азаматтық іс жүргізу бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында «Судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттерін ұйымдастыру, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға, аудандық сотының төраға м.а. А.Амреева және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында аудандық соттың төраға м.а. А.Амреева өз баяндамасында, істің мән-жайларын ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау тәртібімен судья дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді сот белгілеген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейтінін, тараптарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіретінін, ұсынылған процестік құжаттар және тараптар өзара даулайтын мән-жайлар бойынша түсіндірмелер беруді ұсынатынын, тараптарға дәлелдемелерді сот белгілеген мерзімде уақтылы ұсынбаудың және процесті негізсіз созудың осы Кодексте белгіленген құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті екендігі жөнінде түсіндірді.

Іс шараның соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша өздерінің пікірлерімен алмасты.

 

Көкпекті ауданының  № 2

аудандық сотының

баспасөз қызметі