Айыптау үкімі шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 2017 жылдың 28 сәуірінде М. үйінде көршілері Н. және Г-мен спирттік ішімдіктерді ішкен. Сағат 13:00 шамасында  Н. және Г. үйлеріне қайтқан соң оның күйеуі Е. және олардың танысы О. келіп спирттік  ішімдіктерді ішуді жалғастырған. Азаматша М. ішкен ішімдіктен масайып ұйықтап қалған. Одан кейін М. сағат 20:30 кезінде оянып, өзінің көршілерінен спирттік ішімдік сатып алып №13 пәтердегі А., М. және В-ға келіп әкелген спирттік ішімдікті ашып беруді және барып темекі сатып алып келуін  сұраған. Н. темекіге баруға келіспей, алкагольдік масаю күйінде болған М. мен Н-нің арасында жанжал пайда болды. Н. М-нің иығынан итеріп жіберіп, М жерге құлаған. Сол уақытта екі арадағы бас араздық себепті М-де Н-ді қасақана қазаға ұшырату қылмыстық ойы туындаған. Осы қылмыстық пиғылын іске асыра отырып, М.залдың терезесінде жатқан пышақты алып елеулі күшпен Н-нің жүрек тұсынан бір рет соққы жасаған. Денсаулыққа келтірілген өмірмен сиыспайтын ауыр дене жарақатының салдарынан  Н. оқиға орнында қаза болған.

Соттың үкімімен М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 55-бабы 4-бөлігінің ережелерін қолдана отырып, 99-бабының 1-бөлігімен 6 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге сотталды.

Үкім  заңды күшіне енген жоқ.

 

Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі