Аудандық сотта істерді мұрағатқа тапсыру тәртібі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында ҚР соттарында жинақталған құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты  сақтауға тапсыру туралы Ережені зерделеу жөнінде сот мамандарының қатысуымен семинар сабақ өтті.                                                   

Шара барысында кеңсе меңгерушісі М.Алимханова семинарға қатысушыларға ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген қағидасы ҚР заңнамасына сәйкес Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша сақтауды жүзеге асыратын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың, Департаменттің және оның территориялдық бөлімдерінің мұрағаттарына таралатындығын түсіндірді.          

Істерді (нарядтарды) ресімдеу, қалыптастыру, уақытша сақтауға мұрағаттарға уақытында тапсыру үшін жауапты қызметкерлер, сондай-ақ мұрағат жұмысы үшін жауапты қызметкерлер, өзінің құқықтық мәртебесін және қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің жұмысында осы қағиданың талаптарын қатаң басшылыққа алатының атап өтті. 

Бас  маман Д.Жетписова,  мұрағатқа тапсырылуға жататын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер  қалыптастырылуға және ресімделуге тиіс. Іске тіркелген барлық құжаттар тігілуге және нөмірленуге, олардың ішкі тізімдемелері және куәландыру парақтары жасалуы қажет екені айтылды.                  

Шара соңында   мұрағатқа жауапты қызметкерлерге жоғарыда аталған Ереже талаптары назарда болатыны ескертілді.

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі