Астана күні мерекесімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.А.Кәсенов судьялар мен кеңсе мамандарын Астана күнімен құттықтады.

Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов өз сөзінде 1997 жылы қазан айында Астанамыздың Қазақстан Республикасының бас қаласы болып жарияланғанын, бұл айтулы күннің әр отандасымыз үшін маңызы ерекше екенін жеткізді.

Бүгінде Астана – Қазақстанның барлық экономикалық және мәдени өмірінің орталығына айналған. Әр жыл сайын Елорда іскерлік еуразиалық орталықтың және әлемдік қоғамдастықпен саяси ынтымақтастықтың беделін нығайтуда. Өзінің кезекті туған күнін керемет экономикалық және әлеуметтік дамуымен қарсы алып, еліміздің бірінші қаласы нық сеніммен алға жылжуда»-деді Б.Кәсенов.

Сот төрағасы ұжымды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтай келе, елімізбен, астанамызға гүлдену, судьялар мен қызметкерлерге денсаулық, табыс және ырыс-береке тіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі