2017 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотының төрағасы Э.З. Рауясова 2017 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатына «Спектр» және «Курчатов көкжиегі» газеттерінің тілшілері қатысты.

Сот төрағасы  статистикалық мәліметтерді келтіріп, Курчатов  қалалық сотымен 2017 жылдың 6 айында 40 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 17 іс медиация тәртібінде аяқталғанын,  349 азаматтық іс және 198 әкімшілік іс қаралғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері медиацияның қолданылуы, амнистия актісінің қолданылуы, сотты құрметтемегендері үшін жауапқа тартылған тұлғалар туралы және сот процестерінде аудио-бейнежазбалар қолданылып жатқаны жөнінде хабардар болды.

Басапсөз маслихатының соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі