Жер жұмыстарын жүргізу кезінде электр беру кабелінің зақымдануы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы «П»АҚ Глубокое аудандық сотына азамат Б.-дан келтірген залал сомасын өндіріп алу туралы талап қойды.

Талап қою бойынша жауапкер 2023 жылы 23 тамызда өз учаскесінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде ірі көлемді көлік құралымен электр кабелін үзген, бұл өз кезегінде шағын аудан тұрғындарының жарықсыз қалуына әкеп соқтырған, талап қоюшы электр энергиясын беруді қалпына келтіруге ірі көлемде ақшалай қаражат жұмсаған.

Сот отырысында жауапкер талап қоюды мойындамады, оның жер учаскесіне қандай да бір шектеулер қойылмағанын, кабельдің бар екенін білмегенін, күзет аймағы белгісімен белгіленбегенін түсіндірді, ол сондай-ақ мәселені шешу үшін бірнеше рет талап қоюшыға жүгінгенін айтты.

Сот талқылауы барысында жауапкердің электр беру желілерінің кабеліне зақым келтірген кінәсі анықталды, алайда талап қоюшы залал мөлшерін толық көлемде дәлелдеген жоқ.

Дәләлдемелерді талдағаннан кейін сот талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Глубокое аудандық сотының баспасөз қызметі