Архив событий

29/03/2024

«Біздің заманымыздың батыры»

29/03/2024

Риддер қаласының тұрғыны Н.-ді осылай атауға болады. Себебі, ол жарты сағат ішінде алты құқық бұзушылық жасаған.

Сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

29/03/2024

Өскемен қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өтті, оған сот судьялары мен мемлекеттік сот орындаушылар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында айыппұлдарды мемлекетке өндіріп алу үшін атқару парақтарын қалыптастыру және мемлекеттік сот орындаушыларына жолдау мәселелері талқыланды.

Соттар әкімшісінің басшысы Салтанат Жортбасова «Төрелік» сот жүйесіндегі соңғы өзгерістерге назар аударды.( жаңадан «1000 АЕК-ке дейінгі жазалар үшін айыппұлдар», «1000 АЕК-тен жоғары жазалар үшін айыппұлдар» қойындылары енгізілді).

Белгіленген ерекше талаптарды бұзу

29/03/2024

Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты М.-ге қатысты  отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде жәбірленушінің өтініші бойынша оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген, сәйкесінше, М.-ге жәбірленушіні қудалауға, іздестіруге, сондай-ақ онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге, кәмелетке толмағандарды немесе оның отбасының әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, онымен өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынған.

Әдепсіз қол белгісін көрсеткені үшін айыппұл салынды

29/03/2024

 

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБК-нің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер)  бойынша  азамат  Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  ісі қаралды.

«Еңбек қатынастарының жаңа форматы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

29/03/2024

2024 жылдың 29 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Еңбек қатынастарының жаңа форматы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дулат Сақанұлы Салатов жүргізді.

Тергеу әрекеттерін санкциялауға өтініш хаттарды жолдау бойынша семинар сабағы өткізілді

29/03/2024

Шемонаиха аудандық сотының судьясы К.У. Калдаманова тергеу әрекеттерді санкциялауға өтініш хаттарды жолдау бойынша семинар сабағын өткізді.

Іс-шараға Шемонаиха ауданының прокуроры А.Сулейменов және Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің тергеушілері қатысты.

Судья 2023 жылы және 2024 жылдың 2 айы бойынша тергеу судьяларымен қаралған қылмыстық материалдар бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді.

Регресс тәртібімен сақтандыру төлемін өндіру туралы талап арыз медиация тәртібімен аяқталды

29/03/2024

Сақтандыру компаниясы жауапкер Ж.-дан регрестік талап қою тәртібімен соманы өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сақтандыру компаниясы мен жауапкер Ж. арасында көлік құралдары иелерінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарт жасалған.

Жауапкер Ж., мас күйінде көлік құралын басқарып келе жатып, азамат Н.-ның басқаруындағы көлікті соқты. Сот шешімімен азамат Ж. ЖКО жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әдістемелік ұсыныстар талқыланды

29/03/2024

Тарбағатай аудандық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ә. Бакиннің тапсырмасына сәйкес, облыстық және тергеу соттарымен бекітілген әдістемелік ұсыныстарды талқылау бойынша Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы м.а. Б. Шамшаева аталған әдістемелік ұсыныстарды полиция қызметкерлеріне түсіндіріп берді, дөңгелек үстелді қорытындылай келе полиция қызметкерлеріне аталған құқықтық құжатты басшылыққа алу ұсынылды.