Архив событий

19/03/2024

Қайырымдылық акциясы

19/03/2024

Наурыз мейрамы мұсылмандардың қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Бұл айдың мейірімділік пен қайырымдылыққа шақыратын құндылықтары Наурыз мейрамының философиясының мазмұнымен толық үйлеседі.
Наурыз мейрамын тойлау және «Мейірім» акциясын қолдау аясында қасиетті Рамазан айында Алтай ауданының № 2 сотының судьялары мен  сот мамандары Наурыз мейрамы қарсаңында Серебрянск қаласындағы балалар үйіне барып, сот ұжымы атынан бүлдіршіндерге сый-сияпат жасады.

 

Алтай ауданының №2 сотының баспасөз қызметі

Малдың өлуіне байланысты келтірілген шығынды өндіру туралы талап сотпен ішінара қанағаттандырылды

19/03/2024

Катон-Қарағай аудандық сотына азамат Д.-дан азамат Т-ға келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап қою түскен. Сотқа талап келтіруге талапкердің малының жайылымда өлуіне байланысты туындаған дау себеп болған.

Жанжалға байланысты залал өндірілді

19/03/2024

2023 жылғы мамырда Алтай аудандық сотының қаулысымен жауапкер С. аз. М.-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып 36 225 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Талапкер М. сотқа жауапкер С. – ға моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді. Талаптарды уәждей отырып, жауапкер 2023 жылы оның жеке мүліктік емес құқығын бұзылғанын айтып, соттан жауапкерден денсаулыққа келтірілген зиян үшін өз пайдасына 300 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеуін сұрады.

Пәтерді су басу салдарынан келтірілген залалды өндіру туралы талап қанағаттандырылды

19/03/2024

Катонқарағай аудандық сотында пәтерді су басу салдарынан келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер А. сотқа жүгініп жауапкер К.-дан пәтерін су басу салдарынан келтірілген залалды өндіруді сұрап, 2023 жылдың маусым айында өзінің пәтерін жауапкер К.-ға тиесілі, осыған дейін жөндеу жұмыстары жүргізілген, екінші қабатта орналасқан пәтерден су басқанын анықтағанын айтқан. Мамандар жасаған жергілікті сметаға сәйкес келтірілген шығын көлемі 2 416 380 теңгені құраған. Дауды сотқа дейін шешу мүмкін болмағандықтан соттан талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.

Өңірлік кадр резерві туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

19/03/2024

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің ШҚО бойынша Департаментінің жастарына өңірлік кадр резервіне іріктеу талаптары мен негізгі кезеңдері, сондай-ақ кадр резервінің салалық бағыттары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі
Жанар Смекенова арнайы қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.