Архив событий

14/03/2024

Көп пәтерлі үй коммуналдық меншік болып танылды

14/03/2024

Алтай ауданының №2 соты Алтай ауданы әкімінің жылжымайтын мүлікті коммуналдық меншік деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, Серебрянск қаласында бұрын әскери бөлімнің әскери қызметшілері үшін көппәтерлі үй ретінде жоспарланған құрылысы аяқталмаған нысан бар. Бұл үйдің құрылысы 1999 жылы қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалған және 2000 жылы бұл 3 қабатты объект консервацияланған.

Полиция қызметкерлерімен семинар сабақ өткізілді

14/03/2024

Шемонаиха аудандық сотының судьялары Ж.Ж.Жұмаш және А.Қ.Құдайбергенова Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция мен патрульдік полк қызметкерлеріне семинар сабақ өткізді.

Судьялар 2023 жыл мен 2024 жылдың екі айында қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша тараптардың татуласуы бойынша істерді қоспағанда, iс жүргiзуі қысқартылған істерді талқылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қысқартуға әкеліп соғатын іс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайларды түсіндірді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылды

14/03/2024

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2, 3, 4-тармақтарымен (ірі көлемдегі алаяқтық)  аз. Б.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 24-бөлігі 3-бөлігі – 367 1,3-тармақтарының 3-бөлігімен (пара беруге көмектесу)  аз. Н.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 367-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (пара беруге әрекет жасау)  бойынша аз. Ж. мен Т.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны: